19 тамыз 2019 16:09

Израиль премьерінің әйелі Киев әуежайында ұсынылған нанды жерге тастай салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чета Нетаньяху ұшаққа отыру алдында. © Амос Бен-Гершум, ЛААМ Чета Нетаньяху ұшаққа отыру алдында. © Амос Бен-Гершум, ЛААМ

Израиль премьер-министрі Беньямина Нетаньяхудың әйелі Сара Киевке бара жатқан сапарында ұшақта кикілжің шығарды. Лайнер командирінің лайықты түрде сәлем бермегеніне ренжіген ол ұшақтан шыққан соң да жағымсыз жағдайға тап болды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Вести Израиля басылымына сілтеме жасап.


Израиль премьер-министрі Беньямина Нетаньяхудың әйелі Сара Киевке бара жатқан сапарында ұшақта кикілжің шығарды. Лайнер командирінің лайықты түрде сәлем бермегеніне ренжіген ол ұшақтан шыққан соң да жағымсыз жағдайға тап болды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Вести Израиля басылымына сілтеме жасап.

19 тамыз күні үкімет басшысы Беньямин Нетаньяху Киевке барған El Al ұшағында жанжал болды. Сапар кезінде жұбайымен бірге жүретін Сара Нетаньяху кеме командиріне лайнерге отырғызу кезінде оны тиісті түрде қарсы алмағаны үшін дау шығарған. Сара Нетаньяху дереу орнынан атып тұрып, ұшқыштар кабинасына бет алған. Алайда оны кабинаға өткізбеген, осы кезде премьердің жұбайы тағы да ашуланған. Нәтижесінде кеме командирі борттағы Нетаньяханы Киевке қонғанға дейін 45 минут бұрын қайта қарсы алған.

 "Шын мәнінде, кеме командирі Сара Нетаньяхуды қарсы алды, бірақ ол оны естімей қалды, бұл осындай оқиғаға әкеп соқты. Үкімет басшысы мен оның жұбайы Сара Нетаньяхуға сәтті сапар тілейміз", - деп атап өтті басылым.

Үкімет басшысының кеңсесіндегілер премьер-министрдің зайыбы Нетаньяхуды ұшқыштардың кабинасына оққағарлары өткізбеді деген сөзді жоққы шығарып отыр. Мұндағылар түсінбеушілік болып, кейін тез арада шешімін тапқанын, әрі қарай ұшу әдеттегі режимде өткенін атап өтті.


Чета Нетаньяху ұшаққа отыру алдында. © Амос Бен-Гершум, ЛААМ

Іс мұнымен бітпеген. Нетаньяхулар Киевке қонып, ұшақтан шыққанда оларды украиналық дәстүрде үш қыз нан мен тұз ұсынып, қарсы алған. Үкімет басшысы нанды үзіп жеп, тағы бір бөлігін жұбайына берген, сөйтсе Сара нанды жерге тастай салған. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети