29 қараша 2015 22:00

Израиль Ресей ұшағының әуе кеңістігін бұзғанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Израильдің қорғаныс министрі Моше Яалон Сириядағы ресейлік әуе тобының ұшағының қателіктен Израильдің бақылауға алып отырған әуе кеңістігін бұзғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Израильдің қорғаныс министрі Моше Яалон Сириядағы ресейлік әуе тобының ұшағының қателіктен Израильдің бақылауға алып отырған әуе кеңістігін бұзғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Кішігірім қателік болды, ұшқыш бір мильге әуе кеңістігін бұзды. Онымен дереу байланыс орнатылды, ол сол сәтте бағытын өзгертіп, Сирияға оралды", - деп мәлімдеді министр. Бірақ ол оқиғаның қашан болғанын нақтыламады. 

Яалон Израиль мен Ресейдің қақтығысудың алдын алу бойынша келісімге келгенін, елдер арасында мәлімет алмасуға арналған қызметтің бар екендігін атап өтті. 

Еске салаыйқ, Ресей Сирияда 30 қыркүйектен бері операция жүргізіп жатыр. Осы уақыттан бері Түркия ресейлік ұшақтардың әуе кеңістігін бұзғанын айтып, бірнеше рет айыптады. 24 қарашада түріктің F-16 жойғышы ресейлік Су-24 бомбалаушысын атып құлатты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети