11 қазан 2023 10:57

Израильдегі соғыс: қаза тапқандар саны 1,2 мыңнан асты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: twitter.com/mikelayestaran Фото: twitter.com/mikelayestaran

Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс өршіген кезде құрбан болғандар саны екі мыңнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.


Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс өршіген кезде құрбан болғандар саны екі мыңнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

Әскерилердің мәліметінше, палестиналық ХАМАС тобының Израильге жасаған шабуылы салдарынан қаза тапқандар саны 1200 адамнан асқан, 3000-ға жуық адам жараланған, ұрланған және Газа секторына жеткізілген 150-ге жуық адамның тағдыры әлі белгісіз.

"Палестиналық ХАМАС лаңкестік тобының Израильге жасаған соққысынан қаза тапқандар саны артып келеді, сәрсенбіде таңертеңгі жағдай бойынша 1200-ден асты", - делінген хабарламада.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, бұған дейін шабуыл кезінде 2901 адамның жараланған, 500-ден астамы әлі де ауруханада жатыр, оның ішінде 26 адамның жағдайы ауыр және 340 адам - қиын жағдайда.

Еске сала кетейік, 7 қазанда таңертең Израиль жаппай зымыран шабуылына ұшырады. Елдің қорғаныс күштерінің мәліметінше, Израильге екі мыңнан аса зымыран атылған. Сонымен қатар, палестиналық ХАМАС қозғалысының ондаған жауынгері елдің шекаралас аймақтарына кірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети