30 мамыр 2022 09:33

"Жағдай өте қиын". Зеленский басып алынған аумақтар туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Украина президенті Владимир Зеленский елдің шығысындағы жағдай "өте қиын" екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол кейінгі видеоүндеуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 


Украина президенті Владимир Зеленский елдің шығысындағы жағдай "өте қиын" екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол кейінгі видеоүндеуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Украина президенті Владимир Зеленский сенбіде видеоүндеу жасап, келесі аптада Украина қару-жарақ алу туралы "жақсы жаңалықтар" күтетінін айтты.

Оның сөзінше, қару Ресей әскерін, атап айтқанда Украинаның шығысындағы шабуылды тоқтату үшін қажет.

"Жағдай өте қиын. Әсіресе, Донбасс пен Харьков аймағында Ресей әскері өзі үшін қандай да бір нәтиже көріп қалғысы келеді", - деді Зеленский.

Сонымен қатар, ол 2014 жылдан бастап Ресей басып алған барлық жерді, соның ішінде Қырымды да күшпен қайтаруға болатынына сенбейтінін мәлімдеді. 

"Біз бүкіл аумақты әскери жолмен қайтара аламыз дегенге сенбеймін. Біз осы жолмен жүруді ұйғарсақ, онда мыңдаған адамнан айырыламыз", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети