10 маусым 2016 10:46

Жантүршігерлік кадрлар: Тель-Авив орталығындағы атыс видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тель-Авив орталығындағы мейрамханада болған теракт бейнебақылау камерасына жазылып қалған. 8 маусымда болған оқиғаның видеосы Интернетте жарияланды. Еврей-ультраортодокс киімін (қара түсті костюм) киген қылмыскерлер дәмханаға кіріп, ондағы адамдарды атқан. Салдарынан екі адам қаза тауып, ондағаны жарақат алды. Камераға түсіп қалған жазбадан мейрамханаға келушілердің үрейлене қашқанын, сонымен қатар, полицейлердің лаңкестердің бірін атқанын көруге болады, - деп хабарлайды Jerusalem Post.

Оқиға Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың ғимаратына қарама-қарсы жерде, белгілі "Сарона" базарының маңында болды. Екі қылмыскер де ұсталды, олардың бірі ауыр жарақат алды. Израиль полицейлерінің мәліметінше, атыс ұйымдастырғандар Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Ятта ауылының тұрғындары, ағайынды - Мұхаммад және Халид Махамре.

ХАМАС ұйымының өкілдері Рамазан айының басында ұйымдастырылған шабуылды "ерлік операциясы" деп атады. Дегенмен олар терактіні мойнына алған жоқ.

Jerusalem Post басылымы теракт кезінде қаза тапқан төрт адам да сол елдің азаматы деп отыр. Сонымен қатар, басылым шабуыл құрбандарының суреттерін жариялады.

Досының туған күнін атап өтуге келген 39 жастағы Илана Наве сол мейрамханада өлтірілді. Төрт баланың анасына оқ кеуде тұсынан тиген. © Jpost.com

Бен-Гурион Университетінің 58 жастағы докторы Майкл Фейге (сол жағында) және Coca-Cola компаниясының 42 жастағы топ-менеджері Идо Бен-Ари. © Jpost.com

Қылмыскерлердің тағы бір құрбаны - 32 жастағы Мила Мишаева. Жарақат алғаннан кейін ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген, дегенмен дәрігерлер әйелдің өмірін сақтап қала алмады. © Jpost.com

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети