05 тамыз 2014 | 10:38

Жапония да Ресейге қарсы санкциялар енгізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапония Үкіметі Ресейге қарсы санкциялар енгізуді мақұлдады, - деп хабарлайды РИА Новости. Санкциялар 40-қа жуық адам мен екі компанияға қатысты.


Иконка комментария блок соц сети

Жапония Үкіметі Ресейге қарсы санкциялар енгізуді мақұлдады, - деп хабарлайды РИА Новости. Санкциялар 40-қа жуық адам мен екі компанияға қатысты.

Жапония Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің акцияларына тыйым салмақшы, сонымен бірге, тыйым салынатын адамдар тізіміне Ресей Федерация Кеңесінің сенаторы мен өзін-өзі жариялаған "Донецк және Луганск халықтық республикаларының" өкілдері еніп отыр. Жапония сонымен бірге бұған дейін Еуроодақ қабылдаған Еуропа қайта құру және даму банкі желісі бойынша жобалар жөнінде санкциялар енгізуге ниетті. Бұған қоса, Қырым тауарлары импортына шектеу енгізу көзделген.

Жапония "жетілік" елдері ішінде Ресейге қарсы санкцияларды ең соңынан енгізген мемлекет болып отыр. Санкциялардың алғашқы екі пакеті мейлінше жұмсақтау болды - жапондар Ресеймен арадағы визалық тәртіпті жеңілдету туралы келіссөздерді және тағы екі келісім бойынша диалогты тоқтатты. Ресей Сыртқы істер министрлігі Жапонияның әрекеті екіжақты қарым-қатынастарға нұқсан келтіретін "достыққа жат әрі келешекті ойламай жасалған қадам" деп бағалады. Сарапшылар болса, соңғы кездері Жапония мен Ресей қарым-қатынастары анағұрлым жылыды, сол себепті Жапония көпке дейін санкция енгізбеді деп есептейді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети