16 маусым 2015 10:34

Жапонияда аптап ыстықтың салдарынан 780 адам ауруханаға жатқызылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© delate.info © delate.info

Жапонияда аптап ыстықтың салдарынан 780 адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды "РИА Новости".


Жапонияда аптап ыстықтың салдарынан 780 адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды "РИА Новости".

Порталдың мәліметінше, Жапонияның басым бөлігінде бір апта бойы ауа температурасы аса жоғары күйде сақталған. Бұл елдегі өрттен қорғау басқармасы мен жедел жәрдем қызметінің мамандары маусымның 8-14 аралығында 780-ге жуық адамның ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеп отыр.

"Адамдардың ауруханаларға түсіп жатқаны туралы хабарламалар Токиодан, Осакадан, Саитама, Хёго, Аити және өзге де префектуралардан келіп түсті. Қазіргі таңда Жапонияның басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, жауын жауып жатыр", - делінген жарияланымда.

Бұл елдің метеорологтарының айтуынша, Жапонияның оңтүстігіндегі жауын-шашынның жылдамдығы сағатына 50 миллиметрге дейін жетуі мүмкін. Сондықтан бірқатар префектурада көшкін мен ту тасқынына байланысты ескерту жарияланды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети