08 қараша 2021 15:50

Жапонияда бір жылдан аса уақыт ішінде COVID-19-дан адам өлімі тіркелмеді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: pexels.com Иллюстрациялық фото: pexels.com

Жапонияда 15 айдан бері коронавирустан бірде-бір адам өлімі тіркелген жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.


Жапонияда 15 айдан бері коронавирустан бірде-бір адам өлімі тіркелген жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы рет өлім-жітімнің нөлдік өсімі өткен жылдың 2 тамызында тіркелген еді. Өткен тәулікте 126 миллионға жуық халқы бар мемлекет бойынша коронавирус инфекциясының тек 157 жаңа жағдайы анықталды. 100 ауру жұқтырған адам бүкіл ел бойынша қарқынды терапия палаталарында ауыр халде жатыр.

©REUTERS

Жапонияда COVID-19 ауруы мен өлім-жітім саны күрт төмендеген, өйткені екпе алғандар саны көбейіп, халықтың 70 пайызынан астамын қамтыды.

Қыста қорғану үшін Жапония үкіметі келесі айда азаматтарға қайта екпе салуды жоспарлап отыр және ауруханаға жатқызуды азайту үшін жеңіл жағдайлардағыларды таблетка арқылы емдеп жатыр.

Бұған дейін, қыркүйекте Жапонияда коронавирус төтенше жағдайы режимін толығымен алып тастау туралы ресми түрде жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети