10 желтоқсан 2021 11:16

Жапонияда коронавирус жұққанда жарқырайтын маска жасалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:Kyoto Prefectural University/Kyodo Фото:Kyoto Prefectural University/Kyodo

Киото префектура университетінің ғалымдары коронавирус жұққанда ультракүлгін сәулеге жарқырайтын арнайы маскаларды ойлап тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Japan Times басылымына сілтеме жасап.


Киото префектура университетінің ғалымдары коронавирус жұққанда ультракүлгін сәулеге жарқырайтын арнайы маскаларды ойлап тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Japan Times басылымына сілтеме жасап.

Ғалымдардың айтуынша, түйеқұстар ағзадағы бөгде заттарды бейтараптандыратын бірнеше түрлі антидене шығаруға қабілетті екені анықталған. Сондықтан ғалымдар былтыр ақпанда құсқа коронавирустың белсенді емес және қауіпсіз түрін енгізіп, түйеқұс жұмыртқаларынан антиденелер алған. Содан кейін антиденелер флуоресцентті бояғышқа қосылып, маска сүзгісіне өңделген. Егер маскаға вирус түссе, ол жарқырайды.

"Біз түйеқұс антиденелерін арзан бағаға алып, жаппай маска шығара аламыз. Болашақта барлық адам қолдана алатын қарапайым сынақ жиынтығын жасағым келеді", - деді университет президенті Ясухиро Цукамото.

Цукамото осы маска көмегімен өзі COVID-19 жұқтырғанын анықтаған. Тестілеу кезінде оның қорғаныс маскасы ультракүлгін сәуледе жарқыраған екен, содан кейін ол ПТР-сынамасын тапсырған. Тест вирус жұқтырғанын растаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети