26 шілде 2016 08:28

Жапонияда мүгедектер үйіне шабуыл жасалды: 19 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапонияның Канагава перфектурасында қолына пышақ алған ер адам 19 адамды пышақтап өлтірген, 45 адам зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости Жапонияның NHK телеарнасына сілтеме жасап. Қанды оқиға Токио түбіндегі "Цукуидегі лалагүлдар бағы" мүгедектер интернатында болған.

"Ер адам Токионың батысындағы Сагамихара қаласында (Канагава перфектурасы) мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мекемеге қарулы шабуыл жасалды. Полиция 19 адамның қаза тапқанын хабарлады, тағы 45-і жарақат алған", - деп хабарлады телеарна. Оның мәліметінше, 45 адамның 20-сының жарақаты ауыр.

© AFP 2016/ TOSHIFUMI KITAMURA

Шабуылдаған 26 жастағы ер адам кінәсін мойындап үлгеріпті. Ол түнгі 2.30-да шабуылдап жарты сағаттан кейін полицияға өзі келіп беріліпті. Ер адам құқық қорғау органдарына бұған дейін осы интернатта жұмыс істегенін айтқан. Оның бұл іске неліктен барғаны айтылмайды. Соңғы мәліметтер бойынша, 26 жастағы Сатоси Уэмацу бұл интернаттан жарты жыл бұрын, ақпанда жұмыстан өз қалауымен шығып кетіпті. Ол интернатта үш жыл жұмыс істепті. Қазіргі уақытта оның жұмысы жоқ екен. 

© AFP 2016/ JIJI PRESS

Айта кетейік, бұл интернатта 19-75 жас арасындағы 149 адам тұрып жатыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети