06 сәуір 2020 09:29

Жарты ғасыр қол ұстасқан жұп коронавирустан 6 минут айырмашылықпен қайтыс болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

АҚШ-та 51 жыл бірге өмір сүрген жұп коронавирус инфекциясын жұқтырып, бір күнде қайтыс болды. Бұл туралы олардың баласы Бадди Бейкер Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеген, - деп хабарлайды РИА Новости


АҚШ-та 51 жыл бірге өмір сүрген жұп коронавирус инфекциясын жұқтырып, бір күнде қайтыс болды. Бұл туралы олардың баласы Бадди Бейкер Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеген, - деп хабарлайды РИА Новости

Оның айтуынша, әкесі 74 жастағы Стюарт Бейкер мен 72 жастағы анасы Эдриан Бейкер 29 наурызда арасы 6 минут айырмашылықпен көз жұмған. 

"Менің ата-анам менің және өзгелердің өміріне әсер еткен керемет жандар еді. Өкінішке қарай, біз екеуінен де санаулы минуттар аралығында айырылып қалдық", - дейді Бадди Бейкер. 

Бадди Бейкердің айтуынша, оның ата-анасының денсаулығы жақсы болған. Алайда алдыңғы айда Бейкерлерден пневмонияның жеңіл түрі анықталған. Артынша екеуінің жағдайы нашарлағаннан кейін ауруханаға барған. Әкесінде демікпе болғандықтан ауруханада қалған, ал анасын үйге жіберген. 

Сөйтіп, Стюарт Бейкерден коронавирус инфекциясы анықталған. Балалары бұл туралы анасына айтпауды шешіп, бірақ ауруханаға жатқызған. 45 минуттан кейін дәрігерлер Бадди Бейкерге хабарласып, анасы ауыр халде жатқанын айтқан. 

72 жастағы Эдриан Бейкердің туыстары жасанды тыныс алдыру аппаратын өшіріп, табиғи жолмен көз жұмулары керек деген шешім қабылдап, дәрігерлерден 51 жыл бірге өмір сүрген жұбайлардың бір палатада жатуын сұраған. 

Еске салайық, АҚШ коронавирус инфекциясын жұқтырған адам саны бойынша бірінші орында тұр. Қазір елде 335 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырып, 9,5 мың адам қайтыс болған. Елде жалпы 17 мыңдай адам коронавирус індетінен жазылып шықты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети