16 қазан 2020 09:14

Жээнбеков ТЖ кезінде отставкаға кетуге құқы жоқ еді - экс-премьер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:president.kg Фото:president.kg

Сооронбай Жээнбековтің елде төтенше жағдай режимі кезінде отставкаға кетуге құқы жоқ еді. Бұл туралы экс-премьер-министр Феликс Кулов айтты, - деп хабарлайды 24.kg.


Сооронбай Жээнбековтің елде төтенше жағдай режимі кезінде отставкаға кетуге құқы жоқ еді. Бұл туралы экс-премьер-министр Феликс Кулов айтты, - деп хабарлайды 24.kg.

Оның айтуынша, мемлекет басшысы мұндай шешімдерді саяси тұрақсыздық кезеңінде қабылдай алмайды.

"Бұл жауапсыз әрекет. Конституция бар, заң бар, оны ешкім бұзбауы керек. Бірден осындай мәлімдеме жасайтындай Сооронбай Жээнбековке премьер-министр Садыр Жапаров пен экс-депутат Қамшыбек Тәшиев осындай қорқынышты не айтты? Сооронбай Жээнбеков бұл сұраққа ертең парламент отырысында жауап беруі тиіс. Конституция бойынша солай болуы керек. Жогорку Кенеш оның отставкасын қабылдауы керек. Бұл ретте отырысқа ОСК төрағасы, Жоғарғы сот, Конституциялық палата басшылары, үкімет толық құрамда қатысуы керек", - деп түсіндірді Феликс Кулов.

Ол мерзімінен бұрын сайлау өтетін болса, оны Жогорку Кенеш тағайындайтынын да еске салады.

Қырғызстанда премьер-министр тағайындалды

Кеше, 15 қазанда Қырғызстан президенті отставкаға кететінін мәлімдеген болатын. "Мен билікті ұстамаймын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарын атқан, қан төккен президент ретінде қалғым келмейді. Сондықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдадым", - деген еді Жээнбеков.

Еске салайық, 5 қазанға қараған түні Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламенттік сайлаудың қорытындыларымен келіспейтіндер жаппай наразылыққа шыққан. Наразылық білдірушілер қауіпсіздік күштерімен қақтығыстан кейін Парламентке өтпеген оппозициялық партиялардың жақтастары Ақ үйді басып алды.

Ресми мәліметтер бойынша, қақтығыстарда 1,2 мыңнан аса адам зардап шекті, біреуі қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети