29 қаңтар 2021 15:16

Журналистер Геленджиктегі "Путин сарайына" кіріп көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Mash Telegram-арнасының журналистері Алексей Навальный "Путиннің сарайы" деп таныстырған Геленджиктегі нысанға барды. Репортажда "сарайда" құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқаны көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Mash Telegram-арнасының журналистері Алексей Навальный "Путиннің сарайы" деп таныстырған Геленджиктегі нысанға барды. Репортажда "сарайда" құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқаны көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сюжет авторының сөзінше, оны "техникалық қадағалау өкілі" кіргізген. Ол сарайдың құрылысын алты жылдан бері бақылап келе жатқан екен. Ол "бірнеше рет бас тартқан, бірақ нәтижесінде өзі қайтадан хабарласқан", ал журналистер ғимаратқа келген кезде нысанды бір сағат бойы түсіруге рұқсат берген.  

Құрылысшылардың сөзінше, ғимараттағы жөндеу жұмыстары бес-алты жылдан кейін аяқталады екен. 

Ғимарат кімге тиесілі екенін анықтау мүмкін болмаған. 

Еске салайық, 19 қаңтарда ресейлік оппозиционер Алексей Навальный YouTube-арнасында "Дворец для Путина. История самой большой взятки" атты видео жариялады. Бүгінде ол 100 миллионнан аса қаралым жинап, 4,3 миллион лайк жинап, 1,6 миллионнан аса пікір жазылған. Видео Алексей Навальныйды қамауға алғаннан кейін бір күннен соң жарияланды.

Видео жарияланғаннан кейін бір күннен соң Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Навальный түсірген видеоға қатысты пікір білдірді. Журналистердің "Путиннің сарайы" туралы жарияланымымен танысып шықтыңыз ба?" және "Бұл ғимарат президентке арнап салынған ба?", сонымен қатар "Ақпарат рас па?" деген сұрақ қойған болатын.

"Жоқ, танысып шықпадық. Негізінде, бұл өтірік", - деп қысқа қайырды Песков.

Ал Путиннің өзі алғаш рет "сарайға" қатысты 25 қаңтарда пікір білдірді.

"Мен сіздердің сұрақтарыңызға бірден жауап берейін. Менің меншігім ретінде көрсетілгеннің бәрі маған да, жақын туыстарыма да тиесілі емес және ешқашан тиесілі болған емес. Ешқашан", - деді Путин Ресей университеттерінің студенттерімен онлайн кездесу барысында.

"Путиннің сарайы". Билік реакциясы мен ғимаратқа қатысы барлардың пікірі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети