27 ақпан 2018 11:00

Қалаға кіріп кеткен жабайы аю ондаған тұрғынды жарақаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© politico.com © politico.com

Үндістанның Мадхья-Прадеш штатындағы Бхопал қаласында жабайы аю адамдарға шабуыл жасады, - деп хабарлайды The Times of India.


Үндістанның Мадхья-Прадеш штатындағы Бхопал қаласында жабайы аю адамдарға шабуыл жасады, - деп хабарлайды The Times of India.

Жабайы аю 25 ақпанда таңғы 7 шамасында Үндістандағы жоғарғы оқу орындарының бірінің аумағына кіріп кеткен. Күзетші аюды көре салысымен көмекке басқа да қызметкерлерді шақырған. 

"Біз төртеуіміз таяқпен қумақшы болдық. Аю өзімізге шабуыл жасаған кезде, күзет басшысы Анураг екеуіміз ғана қалдық. Қалғандары қашып кетті. Бір кезде аю маған шабуыл жасап, қолымнан тістеді, Анураг соққылай бастап, мені бір ажалдан алып қалды", - дейді директордың жүргізушісі Сухрам Сен. 

Жабайы жыртқыш ары қарай кетіп, алдынан шыққан адамдарға шабуылдай бастаған. Сугвати Ядавты 10 жастағы ұлы аюдың алып қолдарынан тас лақтырып, аман алып қалған. Зардап шеккендер арасында 60 жастағы Пьяре Лал Кушваха мен оның жары да бастарынан өткен оқиғаны баяндап берді. Ер адам аюмен арпалысамын деп ауыр халде ауруханаға түскен. Жеті жастағы Критика Раджпуттаны әкесі мен әпкесі құтқарған. 

The Hindu басылымының мәліметінше, орман шаруашылығы басқармасының қызметкерлері аюды аулауға 40 адам мен арнайы алты техниканы жұмылдырған. 

Салпыерін аюлар Үндістанда, Пәкістанда, Шри-Ланка, Бангладеш, Непал және Бутанда өмір сүреді. Аюдың ұзындығы 90 сантиметрге дейін жетеді. Негізінен құмырсқа мен термиттерді қорек етеді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети