09 қараша 2018 21:38

Калифорнияда алапат өрт бір қаланы жойып жіберді - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Yahoo © Yahoo

АҚШ-тың Калифорния штатының солтүстігінде орналасқан Парадайс қаласы орман өрті салдарынан жойылып, мыңдаған үй өртеніп кетті, - деп хабарлайды РИА Новости.


АҚШ-тың Калифорния штатының солтүстігінде орналасқан Парадайс қаласы орман өрті салдарынан жойылып, мыңдаған үй өртеніп кетті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Өрт бейсенбіде таңғы уақытта басталды. "Бүкіл қала өртке оранды. Бұл сұмдық жағдай", - деді қалалық кеңестің мүшесі Скотт Лоттер. 

Осыған дейін Парадайс билігі барлық тұрғынның (27 мың тұрғын) эвакуацияланғанын айтқан еді. Жалпы сол өңірден 50 мыңға жуық адам эвакуацияланған. 

CNN мәліметінше, Калифорния штатындағы үш орманнан шыққан өрттің салдарынан 15 мың гектар жерді от шарпыды, тұрғындар мен өрт сөндірушілер арасында зардап шеккендер бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от CNN (@cnn)

Калифорниялық орман шаруашылығы және өрттен қорғау департаментінің төрағасы Джонн Гаддидің айтуынша, мыңдаған ғимарат (Оның көпшілігі Парадайс қаласында) бұзылған. Алайда нақты мәлімет жоқ. 

Лос-Анджелеске маңыңдағы өрт салдарынан 7 мың гектарды от шарпыған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, жұмада өртке жақын деген 75 мың үйдің тұрғындары эвакуацияланған. 

Ормандағы өрт қатты желдің салдарынан жылдам өршіген. 2 мыңнан аса өрт сөндіруші алапат отты ауыздықтау мақсатында жұмыс істеп жатыр, алайда әзірше өрт бақылауға алынған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети