24 маусым 2019 09:02

Камбоджада салынып жатқан ғимарат қирады: 24 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© twitter.com/CGTNOfficial © twitter.com/CGTNOfficial

Камбоджаның оңтүстігіндегі Преа-Сиануквиль провинциясында салынып жатқан ғимарат қирап, кем дегенде 24 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости. Қаза тапқандардың ішінде төрт әйел бар. Тағы 24 адам жарақат алған. Үйінде астынан 36 жұмысшы құтқарылған.

Ғимарат 22 маусымда қираған. Khmer Times мәліметінше, үйінді астынан адамдарды құтқару жұмыстары тәулік бойында жалғасып жатыр, себебі ғимаратта 60 адамдай болған деген болжам бар. Сөйтсек, ғимараттың жоғарғы қабаттары салынып жатқанда төменгі қабаттарында адамдар тұрып жатқан екен. Оқиға орнына ел премьері Хун Сен келген.

Провинция билігі қирандының 50 пайызын тазалап үлгергенін мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети