07 маусым 2014 20:12

Кәрім Мәсімов пен Арсений Яценюк екіжақты әріптестік мәселесін талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

obozrevatel.com сайтының иллюстрациясы obozrevatel.com сайтының иллюстрациясы

Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Украина Үкіметінің басшысы Арсений Яценюк қазақ-украин қатынастары жайлы ой бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Қазақстан премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Украина Үкіметінің басшысы Арсений Яценюк қазақ-украин қатынастары жайлы ой бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Қазақстан премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Бүгін ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Украина президенті Петр Порошенконның инаугурациясына қатысты. Осы сапар аясында Кәрім Мәсімов бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Ол Украинаның премьер министрі Арсений Яценюкпен қазақ-украин қарым-қатынасы жайлы пікір алмасты", - делінген хабарламада.   

Сондай-ақ, Үкімет басшысы Еуропалық Кеңестің жетекшісі Херман  Ван Ромпеймен жүздесіп, екеуара Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті ұзақ мерзімге жалғастыру және көлемін ұлғайту мәселелерін талқыға салды.  

Естеріңізге саламыз, 7 маусым күні Украина президентігіне жаңа сайланған Петр Порошенконың инаугурациясы өтті. Ол 25 мамырда өткен сайлауда қарсыластарын жеңген еді. Инаугурацияға Украинаның бұрынғы презиеденттері Леонид Кравчук, Леонид Кучма және Виктор Ющенколар, сондай-ақ, Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко қатысты. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети