24 қыркүйек 2021 12:29

Каталонияның бұрынғы басшысы Италияда ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пучдемон Италияның Сардиния аралында қамауға алынды. Ол төрт жыл бойы қашып жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.


Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пучдемон Италияның Сардиния аралында қамауға алынды. Ол төрт жыл бойы қашып жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Оның адвокаты Гонсало Бойе саясаткер ұсталғанын Twitter-парақшасында растады.

"Президент Пучдемон Еуропалық Парламент депутаты ретінде Сардинияға келген кезінде тұтқындалды".

Сонымен қатар, Бойе қамауға алу туралы бұйрықт 2019 жылдың 14 қазанында шыққанын айтты.

"Ертең (24 қыркүйек) ол Сассари апелляциялық соты судьялары алдына шығады, олар оны босату немесе экстрадициялау туралы шешім қабылдайды", - деді штаб басшысы Хосеп Ллуис Алай.

Бұрынғы мемлекет басшысы тұтқындалғаннан кейін Испания үкіметі "Италия билігі мен сот шешімдерін құрметтейтінін" білдірді.

"Пучдемонның тұтқындалуы сот алдында жауап беруі тиіс ЕО-ның кез келген азаматына қатысты сот тәртібіне сәйкес келеді", - делінген Испания үкіметі хабарламасында.

Мәлімдемеде Пуждемон "кез келген азамат сияқты әділеттілікке бағынуы тиіс" делінген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети