Катар "әл-Каидамен" байланысы бар ұйымға миллиард доллар құн төлеген - БАҚ

06 Маусым 2017, 09:21
0
Катар "әл-Каидамен" байланысы бар ұйымға миллиард доллар құн төлеген - БАҚ - © triptodream.ru
© triptodream.ru

Катар Иракта ұрланған корольдік отбасының мүшелерін босатып алу үшін бір миллиард доллар құн төлеген, - деп жазады Financial Times басылымы өз дереккөзіне сілтеме жасап. 

Өңірдегі қарулы топтар мен үкімет өкілдерінің сөзінше, Доха Ирактың оңтүстігінде ұсталған корольдік отбасының 25 мүшесін және Сирияда жиһадшылар ұстаған 50 адамның құны ретінде миллиард доллар төлеген. Катардың бұл қаражатты "әл-Каидамен" байланысы бар, Сирияда соғысып жатқан ұйымға және Иранның қауіпсіздік қызметтеріне төлегені айтылады.    

Келісім сәуірде жасалған делінеді. Катар үкіметіне жақын дереккөз "төлемнің жасалғанын" хабарлаған.

Әскери киім киген белгісіз қарулы адамдар 2015 жылдың желтоқсанында Наджаф шөліндегі Сауд Арабиясымен шекара тұстағы аң аулау лагерінде сұңқар құс аулаушыларды ұрлап әкеткен. Ирак полициясындағы дереккөз ұрланғандардың ішінде Катардағы билеуші отбасының мүшелері болғанын мәлімдеген. Кепілге алынғандарды босату бойынша келіссөздерді Иран, Катар және ливандық "Хезболлах" қозғалысы өзара жүргізген, ал 2016 жылдың сәуірінде 26 аң аулаушы босатылып, Катардың Ирактағы елшісіне берілген.

Еске салайық, дүйсенбіде Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн және Мысыр елдері Катармен дипломатиялық қарым-қатынасын үзгенін мәлімдеген болатын. Олар Доханы БАҚ-ты арандатушылық мақсатта қолданып, лаңкестік іс-әрекетті қолдауын тоқтатпады деп айыптады. Ал кейін Ливияның шығыс бөлігіндегі билік, Мальдив аралдары және Маврикий де Катармен байланысын үзгенін жариялады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай