12 ақпан 2020 18:53

Қатерлі ісікке шалдыққан шенеунік үкім оқылған соң өзіне оқ атты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Мәскеудің Чертанов сотында Жаза орындау федерал қызметінің автокөлік басқармасының экс-басшысы Виктор Свиридов өзіне оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Мәскеудің Чертанов сотында Жаза орындау федерал қызметінің автокөлік басқармасының экс-басшысы Виктор Свиридов өзіне оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Свиридов аса ірі көлемде ақша бопсалау ісі бойынша айыпты деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға кесілген. Ол бұл жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеуі керек болған. 

Мәскеу қалалық сотының баспасөз қызметі ер адамның үкім оқылғаннан кейін өзін атып өлтіргенін хабарлады. 

Қазіргі уақытта оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Олар залға қаруды қалай алып кіргенін анықтайды.

"Тергеушілер соттағы қауіпсіздікпен қамтуды тексереді, таяу уақытта қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіледі", - деп хабарлады соттағылар.

Ресейлік БАҚ Виктор Свиридовтың қатерлі ісікке шалдыққанын жазып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети