03 қыркүйек 2018 09:03

"Қатты сағынамын" - Лола Каримова-Тилляева әкесін еске алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Өзбекстанның тұңғыш президентінің кенже қызы Лола Каримова-Тилляева Facebook желісіндегі парақшасында Ислам Каримовтің қайтыс болуына екі жыл өткеніне орай әкесін еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қатты сағынамын, уақыт ештеңені де өзгертпейді. (...) Өткен күндері айтылған сөздер мен болған жайттың барлығы әлі күнге дейін есімде. Ұмытып бара жатқандай болғанмен, оны түсімде қайта көремін. 2 қыркүйек - Сізді еске алу күні. Бүгін сіз балаларыңыз сізге айтқысы келген әрбір сөзді естисіз", - деп жазған Ислам Каримовтің қызы.

Еске сала кетейік, Ислам Каримов 2016 жылы 2 қыркүйекте 78 жасында қайтыс болған еді. Өзбекстан басшысын жерлеу рәсімі Самарқанда өткен еді.

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қыркүйекте Шавкат Мирзиеев Ислам Каримов атындағы мемориалдық кешенге барып, гүл шоғын қойып қайтқан.

© Өзбекстан президентінің сайты

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети