"Польшадағы қазақ қауымының" басшысы Балли Мажец (Балжан Наурызбаева) осы елдегі президент сайлауына қатысқалы отыр, - деп хабарлайды "НьюсБалт" жергілікті naTemat басылымына сілтеме жасап.
"Польшадағы қазақ қауымының" басшысы Балли Мажец (Балжан Наурызбаева) осы елдегі президент сайлауына қатысқалы отыр, - деп хабарлайды "НьюсБалт" жергілікті naTemat басылымына сілтеме жасап.
Балли Мажец Қазақстанда туған, Мәскеуде білім алғаннан кейін күйеуге шығып, Польшаға кетіп қалған. Ол 25 жылдан бері - Польшаның азаматшасы, екі ұлы бар. naTemat басылымының мәліметінше, Мажецтің сайлауға өз кандидатурасын ұсынуы үшін 100 мың қол жинау мүмкіндігі аз, дегенмен ол Польша президенті сайлауы додасына қатысу әбден мүмкін деп есептейді.
"Мен Польша президенті роліне өзге үміткерлермен тең дәрежеде сай келемін. Көп жылдан бері посткеңестік мемлекеттерде құқығы бұзылған жұртшылықпен бірге адам құқықтары мен демократиялық өзгерістерді сақтау мәселелерімен айналысамын. Менің тәжірибем Польшада кәдеге жарайды деп ойлаймын", - дейді әйел. - Менің екінші көздейтінім - Кеңес Одағы құрамында болған елдер мәселелері. Мен сыртқы саясат мәселелерін өте жақсы меңгере аламын, себебі Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің проблемалары маған етене таныс".
Мажец өзі Польша президенті болса, украин дағдарысын шешуге үлес қоса алатынын айтты. "Мен бұл адамдардың тілі мен ділін білемін, Қазақстан КСРО құрамында болған еді. Польша президенті ретінде мен Польшаның Батыс пен бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттері арасында делдал болуына ықпал етер едім. Себебі поляктарға голландтар мен француздарға қарағанда, шығыстағы көрші халықтар жақын. Біз сол социалистік лагерьден өтіп, сол проблемаларды бастан кештік. Сондықтан Польша Украина жөніндегі келіссөздерге араласуы керек. Ол ара ағайын болуға міндетті. Қазір жағдай олай емес. Біз украиндерді немістер мен француздардан гөрі жақсы түсінсек те, келіссөздер процесінен тыс қалдық", - дейді Мажец.
Қазақстанда туып өскен әйел өзінің саясаткер ретіндегі тәжірибесінің жоқтығын мойындайды. Бірақ оны кемшілік деп әсте есептемейді. "Мен адам құқытары мен азаматтық бостандық үшін күресетін қарапайым азаматпын", - дейді ол. Оның президент болғанда ұстанатын қағидасы "Халықпен бірге болып, олардың мұңын мұңдау".
Айта кету керек, әзірше Польшаның қазіргі президенті Бронислав Комаровскийдің келесі мерзімге қатысу-қатыспауы белгісіз. Оның өкілеттігі 2015 жылдың тамызында аяқталады. Бұған дейін Польша президенті болудан 60 жастағы транссексуал Анна Гродсканың да үміті бар екені хабарланған еді. Оның кандидатурасын "Жасылдар партиясы" қолдап отыр.