14 қазан 2021 09:33

Қазақстан азаматы 5 күн бойы африкалық әуежай терминалында түнеген

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Агзат Әбдіреевтің жеке мұрағатынан алынған суреттер Агзат Әбдіреевтің жеке мұрағатынан алынған суреттер

Алматы тұрғыны Агзат Әбдіреев виза мәселесіне байланысты Танзанияның Моши қаласындағы әуежайда, содан кейін Угандадағы Энтеббе әуежайында бес күн түнеуге мәжбүр болды. Қазақстандық өз оқиғасы туралы Tengrinews.kz. тілшісіне берген сұхбатында айтып берді. 


Алматы тұрғыны Агзат Әбдіреев виза мәселесіне байланысты Танзанияның Моши қаласындағы әуежайда, содан кейін Угандадағы Энтеббе әуежайында бес күн түнеуге мәжбүр болды. Қазақстандық өз оқиғасы туралы Tengrinews.kz. тілшісіне берген сұхбатында айтып берді. 

Шетелде аң аулауды ұйымдастырушы Агзат Әбдіреев қыркүйек айының ортасында аңшыларды Оңтүстік Африкадағы сафариге алып келген. Ол Алматыдан Йоханнесбургке дейін жеткен. Кері қайтатын билеті болғанына қарамастан, ер адам саяхатын жалғастырмақ оймен Африкадағы ең биік тау - Килиманжароны бағындыруға шешім қабылдаған. Танзанияның Моши қаласы арқылы Уганда Энтеббіне, кейін Занзибар арқылы Алматыға ұшуды жоспарлаған. Бірақ оның жоспары орындалмады.

"Моши қаласының әуежайында мені елге кіргізбеді. Әдетте мен сапарымды алдын ала жоспарлаймын, тіпті өрмелеуді ұйымдастыру үшін жергілікті туроператордан көмек сұрадым. Алайда мен де, компания да қазақстандықтарға Танзания мен Угандада саяхаттау үшін виза алу қажет екенін ескермеппіз. Виза болмағандықтан әуежайда 5 күн түнедім. Моши әуежайының терминалында үш күн, содан кейін Энтеббеде екі күн түнедім. Жалпы, бес күн бойы "Терминал" фильміндегі кейіпкер Том Хэнкс секілді өмір сүрдім. Орындықтарда ұйықтап, Duty Free-ден тамақтандым", - деді ол.

Ер адам виза мәселесін сол жерде шешуге тырысқан. Тегін интернетті пайдаланып Танзаниядағы Қазақстан елшілігін іздей бастаған, бірақ таба алмаған. Сондықтан Эфиопияға қоңырау шалған, бірақ телефонға бірде-бір халықаралық тілді білмейтін әйел жауап беріп, амалсыздан Қазақстанның Оңтүстік Африкадағы елшілігіне хабарласқан.

"Мен Оңтүстік Африкадағы Қазақстан елшілігіне қоңырау шалдым, олар бірден көмектесе бастады. Танзанияда виза мәселесін шешетін адамдарды тапты, бірақ дәл сол күні әуежайға жергілікті жоғары лауазымды шенеуніктер келетін болғандықтан, мені шұғыл түрде депортациялады", - деді ол.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети