16 қаңтар 2020 14:03

Қазақстан балалар тәрбиесі бойынша үздік мемлекеттер арасында соңғы орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Балалар тәрбиесі бойынша үздік мемлекеттер" рейтингінде Қазақстан 73-орынды алды. Мұндай мәліметтерді US News келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Балалар тәрбиесі бойынша үздік мемлекеттер" рейтингінде Қазақстан 73-орынды алды. Мұндай мәліметтерді US News келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

2020 жылғы "Балаларды тәрбиелеу үшін үздік елдердің" рейтингі жаһандық сауалнамаға, сондай-ақ сегіз түрлі көрсеткіштер: адам құқықтары туралы қамқорлық, отбасына құрмет көрсету, гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін орта, бақыт деңгейі, табыс теңдігі, қауіпсіздік деңгейі, мемлекеттік білім беру мен денсаулық сақтау жүйесінің дамуы үшін балдардың жиынтығына негізделеді.

Рейтингтің үздік бестігіне Дания, Швеция, Норвегия, Канада және Нидерланды кірді. 6-шы және 10-шы орындарды Финляндия, Швейцария, Жаңа Зеландия, Аустралия және Австрия өзара бөлісті. 

Қазақстан 73 елдің ішінен 73-ші орынға жайғасты. 2019 жылы Қазақстан осы рейтингте 80 елдің ішінде 74-ші орынды иеленген еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети