Қазақстан тумасы АҚШ-та сотта өз кінәсін мойындады

29 Қараша 2017, 09:21
0
Қазақстан тумасы АҚШ-та сотта өз кінәсін мойындады - Карим Баратов. © Instagram
Карим Баратов. © Instagram

Yahoo компаниясына қарсы кибершабуылдар жасады деп айыпталған Қазақстан тумасы Карим Баратов Сан-Франциско сотында өз кінәсін мойындады. Бұл туралы АҚШ Әділет министрлігінің сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, Баратовқа қатысты сот үкімі 20 ақпанға белгіленген сот отырысында шығады. Айта кетейік, тамыз айында ол өзінің кінәлі емес екенін мәлімдемеген болады.

Ал кейінірек ол кепілмен босатуға рұқсат бермеген сот шешіміне шағым түсірген болатын.

Еске сала кетейік,  Қазақстанның 22 жастағы тумасы биыл наурыз айында қамауға алынып, ҚР СІМ өкілдерінің мәлімдеме жасағаны туралы хабарланған болатын. Ведомство өкілдері Баратовтың Қазақстан азаматы емес екенін мәлімдеді. Себебі, кейбір БАҚ-тар оны Қазақстан азаматы деп жатыр екен.

Сондай-ақ, Баратовтың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан оған тиесілі жоғары класстағы қымбат көліктерді - Mercedes, BMW, Aston Martin, көк түсті Lamborghini мен қара түсті Porsche көлігін көруге болады.


© Instagram

Канадада қамауға алынған Қазақстан тумасы Карим Баратов кім?


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай