Қазақстандық турист Помпейде вандализм жасап ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық турист Помпейде вандализм жасап ұсталды pompeiisites.org

Помпей археологиялық саябағындағы Цеев үйінің қабырғасына "ALI" деген сөзді жазған қазақстандық турист ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі euronews.com басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Помпей археологиялық саябағындағы Цеев үйінің қабырғасына "ALI" деген сөзді жазған қазақстандық турист ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі euronews.com басылымына сілтеме жасап.

Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері сенбіде Қазақстаннан барған туристі ұстады.

Оқиға туралы саябақтың жанында орналасқан стационарлық карабинер постына хабарланған, содан кейін ер адам ұсталды. Ол сәулет ескерткішіне келтірілген залалдың орнын толтыруы керек. Залалдың нақты сомасы техникалық сараптама жүргізілгеннен кейін белгілі болды.

1913-1914 жылдары қазылған Цеев үйі - соңғы самнит дәуіріндегі (б.з.д. II ғасыр) ежелгі тұрғын үйдің сирек кездесетін мысалдарының бірі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети