24 маусым 2024 | 14:30

Қазақстандықтар ма әлде пәкістандықтар ма? Грекия БАҚ-тарында орманды өртеген күдіктілерге қатысты түсінбеушілік туындады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: facebook.com/epoxikoipirosvestes Фото: facebook.com/epoxikoipirosvestes

Грекия БАҚ-тарында Гидра аралындағы орманды өртеген күдіктілерге қатысты түсінбеушілік туындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Грекия БАҚ-тарында Гидра аралындағы орманды өртеген күдіктілерге қатысты түсінбеушілік туындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елдегі ақпарат агенттіктерінің мойындауы бойынша, "өрт қоюшылардың" азаматтығына қатысты түсінбеушілік туындаған.

"Қайықты жалға алған туристердің ұлтына қатысты түсінбеушілік бар, өйткені кейбір ақпарат көздері оларды Пәкістаннан, ал басқалары Қазақстаннан дейді", - деп жазады sinidisi.gr порталы.

Бұл ретте, News Break порт басшылығы өрт сөндіру қызметімен бірлесіп, портта қандай қайықтардың болғанын анықтады деп жазады."Отшашу атылған кезде шығанақта тек Пәкістанның 17 азаматы жалға алған қайық болған", - деп жазылған жазбада.

Басқа ақпарат құралдары яхтаны Қазақстаннан келген туристер жалға алған деген болжамды ұстануды жалғастырып отыр.

"Персефон" туристік қайығының 13 экипаж мүшесі қамауға алынған.

Sinidisi порталы мәліметінше, төтенше жағдайға кінәлілер бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе ірі көлемде – 10 мыңнан 200 мың еуроға дейін (4,9 миллионнан 99,5 миллион теңгеге дейін) айыппұл төлеуі мүмкін. Яхтаның капитаны мен экипажы өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарады.

Қазақстан СІМ Грекия аралындағы орманды өртеу оқиғасына қатысты пікір білдірді

Еске салайық, бұған дейін Грекия БАҚ-тары Қазақстаннан келген туристер Грекияның Гидра аралында яхтадан отшашу атып, орман өртіне себеп болғаны туралы хабарлаған болатын.

21 маусымда кешке демалушылардың жалға алған яхтасынан жағаға отшашу атылғаны хабарланды. Салдарынан қарағайлы орманда өрт тұтанған. Өртті сөндіруге өртсөндірушілер мен еріктілер қатысты. Оған тікұшақ та тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.81  course up  542.31  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer