Кемеровадағы қайғылы жағдай: Өрт сөндірушіні 37 адамның өліміне айыптады

11 Сәуір 2018, 17:37
0
Кемеровадағы қайғылы жағдай: Өрт сөндірушіні 37 адамның өліміне айыптады - © РИА Новости
© РИА Новости

"Зимняя вишня" сауда орталығында шыққан өртті сөндіру кезінде болған өрт сөндіру қызметінің командиріне қатысты салғырттық танытқаны үшін қылмытық іс қозғалды. Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің өкілі Светлана Петренко мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомстводағылар өрт сөндіру және құтқару № 2 қызметі қарауылының басшысы Сергей Гениннің өртеніп жатқан ғимараттың батыс бөлігіне кіргенін айтады. 

Куәгерлердің бірі оған 4-қабатта №2 кинозалда адамдардың оның ішінде балалардың көптігін айтып, ең жылдам жетудің жолы осы батыс бөлігінен кіруге болатынын айтқан. 

"Генин бұл мәліметті елемей, жоспар сызбасымен тексермеген. Ол өрт сөндірушілерді өзі тұрған жерден оңтүстік-шығыс бөлігіндегі кіреберіске жіберген. Олар 4-қабатқа жеткенде есіктің жабық тұрғанын көріп, қайта түсіп батыс бөлігіндегі есіктен кірген. Өрт сөндіру қызметінің мамандары бірнеше адамды аман алып қалып, қауіпсіз жерге эвакуациялау уақытын текке жұмсағанын айтады. Гениннің салғырттығының кесірінен "Зимняя Вишня" сауда орталығында төртінші қабатта орналасқан кинозалда кемінде 37 адам қаза тапты", - деді Тергеу комитетіндегілер. 

Гениннің тұрып жатқан жерінде тінту шаралары жүргізілді. Таяу уақытта ол қамауға алынады. 

Еске сала кетейік, Кемеровадағы "Зимняя вишня" сауда орталығында 25 наурызда өрт болып, 64 адам қаза тапты, олардың арасында 41 бала бар. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай