19 қазан 2014 14:56

Кейбір адамдардың Эболаға қарсы өзіндік иммунитеті бар - сарапшылар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Reuters Reuters

АҚШ ғалымдары кейбір адамдардың Эбола вирусына қарсы өзіндік иммунитеті бар екендігін анықтады, - деп хабарлайды rosbalt.ru. Олардың жорамалына қарағанда, ағзадағы осы артықшылық аса қауіпті індеттің таралуын тоқтата алады.


АҚШ ғалымдары кейбір адамдардың Эбола вирусына қарсы өзіндік иммунитеті бар екендігін анықтады, - деп хабарлайды rosbalt.ru. Олардың жорамалына қарағанда, ағзадағы осы артықшылық аса қауіпті індеттің таралуын тоқтата алады.

Ғалымдардың мәліметтерін алға тартсақ, науқастармен жақын қарым-қатынаста болған адамдардың 71 пайызы арнайы жасалған тест қорытындысында вирус жұқтырғандары анықталғанына қарамастан, қазір дін аман.

Техас және Флорида ғалымдарының зерттеулеріне сенсек, Батыс Африка тұрғындарының басым бөлігінің бойында вирусқа қарсы иммунитет бар көрінеді. "Егер бұл иммунитеттің қандай және қалай пайда болатындығын анықтасақ, онда ол эболаны тоқтатудың ең күшті құралы болмақ", - дейді ғалымдар.

Табиғи иммунитеті бар адамдар тіпті ем-шарлар кезінде аса қажет донор бола алды екен, яғни қан тапсыра алады. Зерттеушілердің бірі "вакцинаны күтіп, уақыт өткізудің де керегі жоқ болып қалатын шығар", - дейді. Оларға бойында эболаға қарсы тұра алатын иммунитеті бар адамдарды пайдалануға тура келіп тұр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінсек Эбола вирусынан бүгінге дейін 4493 адам өліп, 8997 адам індетті жұқтырған. Вирус Америка мен Батыс Еуропаға әлдеқашан тарылып кеткен. Ал Ресейге осы жылдың аяғына дейін жетуі мүмкін.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети