09 қаңтар 2018 09:29

КХДР мен Оңтүстік Корея қарым-қатынасты жақсарту бойынша келіссөз бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости/Андрей Жаров © РИА Новости/Андрей Жаров

КХДР мен Оңтүстік Корея қарым-қатынасты жақсарту мен спортшыларының Пхенчхандағы Олимпиадаға қатысу мүмкіндігін талқылауды бастады, - деп хабарлайды РИА Новости Ренхап агенттігіне сілтеме жасап.


КХДР мен Оңтүстік Корея қарым-қатынасты жақсарту мен спортшыларының Пхенчхандағы Олимпиадаға қатысу мүмкіндігін талқылауды бастады, - деп хабарлайды РИА Новости Ренхап агенттігіне сілтеме жасап.

Екі тараптың делегациясы Корея Республикасының ұлттық бірігу істері жөніндегі министр Чо Мён Гюннің басшылығымен және Комитет төрағасы Ли Сон Гвомен кездесті. Келіссөздер демилитаризацияланған аумақтағы Пханмунджом келіссөздер пунктіндегі "Бейбітшілік" үйі атты ғимаратта өтті. Айта кетейік, келіссөздер жабық тәртіпте өтіп жатыр, яғни журналистер қатысып жатқан жоқ.

КХДР басшысы Ким Чен Ын 1 қаңтардағы жолдауында Пхенчхандағы Олимпиадаға сәттілік тілеп, оған Солтүстік Корея спортшыларының қатысуына үміт білдірген. Осыған қатысты Оңтүстік Корея келіссөз өткізуді ұсынған болатын.

Осыған дейін КХДР-дың Оңтүстік Кореямен келіссөздер өткізуге келіскені хабарласқан болатын. Бұл туралы Корей Республикасының ұлттық бірігу істері министрлігі мәлімдеген еді.

Еске сала кетейік, соңғы рет КХДР мен Корей Республикасы арасындағы келіссөз 2015 жылы желтоқсанда өткен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети