14 сәуір 2022 09:12

"Киевке соққы жасаймыз". Ресей Украинаға ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Ресей аумағында диверсия әрекеттері жалғаса берсе, Ресей Украинаның шешім шығару орталықтарына соққы жасайды. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы генерал-майор Игорь Конашенков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"Біз украин әскері Ресей Федерациясының аумағындағы объектілерге диверсия жасау әрекеттері мен соққыларын көріп отырмыз. Егер мұндай жағдайлар жалғаса берсе, РФ Қарулы күштері шешім шығару орталықтарына, соның ішінде Киевке де соққы жасайды. Ресей әскері бұған дейін мұндай әрекетке бармаған", - деді Конашенков.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин беларусьтік әріптесі Александр Лукашенкомен бірге "Восточный" ғарыш айлағына сапарында Украинадағы арнайы әскери операция жоспарға сай жүріп жатқанын және оның "түсінікті әрі асыл" мақсаттары орындалатынын, ал Ресей экономикасы Батыс санкцияларына төтеп беріп жатқанын айтқан еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети