27 қаңтар 2014 | 18:49

Киевтегі тәртіпсіздік алаңында бір адам асылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Киевтегі тәртіпсіздік алаңында бір адам өзін-өзі өлтірді деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап. Тәуелсіздік алаңында жаңажылдық шыршаға асылып қалған ер адамның мәйіті табылды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Өткен тәулік бойынша дәрігерлерге жаппай наразылыққа қатысқан алты адам көрінген. Оның төртеуі ауруханада жатыр. Наразылық шарасына қатысушылардың арасынан психикалық ауытқулар, пневмония, абстинентті синдром сияқты аурулар анықталып отыр. Бұған дейін Киевте ереуілшілердің Әділет министрлігі ғимаратын басып алғаны хабарланған еді. Одан бір күн бұрын тобыр 200-ге жуық милиция қызметкері отырған Украина үйін шабуылмен басып алған болатын. Бұл қақтығыс кезінде бірнеше тәртіп сақшысы зардап шекті. Милиция қызметкерлеріне қарсы жарылғыш зат қолданылған деген ақпарат бар, бірақ әлгі зат жарылмай қалғанға ұқсайды. Украина астанасындағы бейберекет акциялар өткен жылдың күзінде басталды. Қараша айының соңында жергілікті биліктің Еуроодақпен қауымдастық құру туралы келісімге қол қоюға дайындық процесін тоқтатуы елде жаппай наразылықтың тууына ұласты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети