19 тамыз 2022 11:47

Ким Чен Ынның әпкесі Оңтүстік Кореяға қатысты батыл мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның әпкесі, Кореяның Еңбек партиясы ОК бөлім меңгерушісінің орынбасары Ким Е Чжон Оңтүстік Корея президентінен "аузын жабуды" талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның әпкесі, Кореяның Еңбек партиясы ОК бөлім меңгерушісінің орынбасары Ким Е Чжон Оңтүстік Корея президентінен "аузын жабуды" талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ким Е Чжон Солтүстік Корея түбекті ядролық қарусыздандыруға жауап ретінде экономикалық және технологиялық көмек көрсетуді көздейтін Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл ұсынған "батыл бастамаға" ешқашан келіспейтінін айтты.

"Оның өз имиджі үшін бос сөз айтпағаны жақсы болар еді, өйткені айтатын ештеңесі жоқ. Ол экономикалық ынтымақтастықты Солтүстіктің құрметіне және ядролық қаруға айырбастай аламын деп ойлай ма? Ешкім өз тағдырын жүгері нанына айырбастамайды", - деді Ким Е Чжон KCNA мемлекеттік ақпарат агенттігі жариялаған мәлімдемеде.

Бұл ретте Солтүстік Кореямен қарым-қатынасты қадағалайтын Оңтүстік Кореяның бірігу министрі Квон Ен Се бұл пікірлерді "құрметсіздік және әдепсіз" деп атады.

"Мен Ким Е Чжонның президентке жасаған құрметсіз және ұятсыз сынына қатты өкінемін", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети