17 ақпан 2021 10:11

Ким Чен Ынның жары ұзақ уақыттан кейін көпшілік алдына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

КХДР лидері Ким Чен Ынның жары Ли Соль Чжу араға бір жыл салып көпшілік алдына шықты, ол күйеуімен бірге КХДР-да марқұм көшбасшы Ким Чен Ирдің туған күніне арналған концертке қатысты. Бұл туралы Солтүстік Кореяның орталық телеграф агенттігінің хабарламасынан белгілі болды, - деп жазды РИА Новости.

Корей агенттігі Ким Чен Ын мен оның әйелі сейсенбіде "Мансудэ" көркем театрында Жұлдыз күніне арналған концертті жоғары басшылықпен және партияның орталық комитетінің мүшелерімен бірге көргенін хабарлады.

"Бас хатшы жары Ли Соль Чжумен бірге театрдың көрермен залына кірген бойда, барлық қатысушы "Алақай!", жолдас Ким Чен Ынға жоғары құрмет көрсете отырып, Отан, революция және халық алдында үлкен жауапкершілікпен біздің үлгідегі социализм құрылысы дамуының жаңа кезеңін ашты", - делінген хабарламада.

Агенттік мақаласындағы суреттерде Ли Соль Чжу мен Ким Чен Ын көрермендер залының ортасында құрметті орындарда бірге күліп отырғаны, шапалақтағаны көрінеді. Бас хатшының жары концертке көк түсті костюм киіп, әшекей таққан. Бір қызығы, суреттерде одан басқа әйелдер көрінбейді. Сондай-ақ, көрермендердің ешқайсы бетперде тақпаған. 

Ли Соль Чжу соңғы рет 2020 жылдың 25 қаңтарында көпшілік алдында пайда болған. Сол кезде де ол күйеуімен бірге Ай жаңа жылына орай "Самчжиен" музыкалық театрының мерекелік қойылымына барған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети