1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Коронавирус адам өмірінде мәңгі қалуы мүмкін - ғалым

Виталий Зверев © Видео кадры Виталий Зверев © Видео кадры

Ресей ғылым академиясының академигі Виталий Зверев "Россия-1" телеарнасындағы "60 минут" бағдарламасында коронавирусқа қатысты жағдайға болжам жасады. 

Маманның айтуынша, SARS-CoV-2 адам өмірінде бірнеше жылға, тіпті мәңгіге қалуы мүмкін. Коронавируспен әлем халқының 70 пайызы ауырып шығады, ол адам өмірінде тұмау немесе аденовирус ретінде қалады. 

"Бұл вирус адам өміріне тек бүгін, ертең, жазға дейін не күзге дейін уақытқа келген жоқ. Ол біраз уақыт, тіпті өмір бойына қалуы мүмкін. 70-80 пайыз адам вирусты жұқтырады", - дейді вирусолог. 

Сарапшының сөзінше, егер COVID-19 қоздырғышының болуына ресейліктерді тестілеуден жаппай өтсе, оны жұқтырғандар саны жоғары, алайда коронавирустық инфекциядан өлім көрсеткіші төмен болар еді.

"Негізі өлім саны ешқандай да 5 пайыз емес, нақты сан тұмаудан болатын өлім санынан да аз", - деді маман. 

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Ресейде 4731 адам коронавирус жұқтырған. Оның 3 мыңнан астамы Мәскеуде тіркелген. Барлығы 43 адам қайтыс болып, 333 науқас жазылып шыққан. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!