03 шілде 2020 16:03

Коронавирус: әлемде 17 вакцина сынақтан өткізіліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазіргі уақытта әлемде коронавирусқа қарсы 17 вакцина адамдарға салынып, сынақтан өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды "Хабар24" DW басылымына сілтеме жасап.


Қазіргі уақытта әлемде коронавирусқа қарсы 17 вакцина адамдарға салынып, сынақтан өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды "Хабар24" DW басылымына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, сынақтан өткізіліп жатқан вакциналардың әрқайсысы әртүрлі кезеңде, деп хабарлады DW.

"Қазіргі уақытта Оксфорд университеті әзірлеген AZD1222 вакциянасы ең перспективалы вакцина болып табылады. Ол клиникалық сынақтардың үшінші кезеңіне бірінші болып кірді, яғни оның қауіпсіздігін анықтау үшін ол көптеген адамға салынды", - делінген ДДҰ хабарламада.

Тағы бес ықтимал вакцина сынақтың екінші кезеңінде, яғни олар белгілі бір аурулары бар аздаған адамға салынып жатыр. Ал санақтың бірінші кезеңде вакциналар сау адамдарға салынып, тексеріледі.

Ғалымдар жылдың соңына дейін қандай да бір вакцинаның қолжетімді болатын-болмайтынын болжай алмай отыр. Әдетте вакцина жасау үшін 10-15 жыл қажет.

Бұған дейін ДДҰ әлемде COVID-ке қарсы 141 вакцина жасалып жатқанын хабарлаған еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети