20 шілде 2020 14:39

Коронавирус: Ұлыбритания тұрғыны 130 күн емделді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: facebook.com/rad.rockit Фото: facebook.com/rad.rockit

Ұлыбританияның 35 жастағы тұрғыны Фатима Бридл коронавирус жұқтырып, аурудан 130 күн бойы емделді, - деп хабарлайды The Mirror.


Ұлыбританияның 35 жастағы тұрғыны Фатима Бридл коронавирус жұқтырып, аурудан 130 күн бойы емделді, - деп хабарлайды The Mirror.

Басылымның хабарлауына қарағанда, оның ауруы асқынып, пневмониямен ауырған. Сондай-ақ оған инфекция қанға түскенде тарайтын қауіпті сепсис диагнозы қойылған. Бридл 105 күн өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратына қосулы жатқан.

Фатима наурыз айында Мароккоға барып келген соң коронавирус жұқтырған. Тест нәтижесі оң болғаннан кейін жағдайы күрт нашарлаған. 40 күн болған кезде комаға түседі. Дәрігерлер өкпесінің тек 40 пайызын жарамды етуге шамасы келген.

"Маған жаңа өмір сүруге мүмкіндік берген дәрігерлер мен медбикелерге алғыс айтқым келеді. Осында болғаныма бақыттымын. Бұл түсім сияқты", - деді Бридл.  

"Бұл жаңалыққа қатты қуаныштымын. Бұл сіздің кім болғаныңызға қарамастан, дәрігерлер мен медбикелер әрдайым көмектесуге дайын екенін дәлелдейді", - деді денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети