07 тамыз 2020 09:15

Коронавирусқа қарсы алты вакцина сынақтың озық кезеңінде тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Бүгінде дүние жүзінде коронавирусқа қарсы 200 үміткер вакцина бар. Оның алтауы клиникалық сынақтың озық кезеңінде тұр. Бұл туралы ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус қауіпсіздік форумында айтты, - деп хабарлайды РИА Новости


Бүгінде дүние жүзінде коронавирусқа қарсы 200 үміткер вакцина бар. Оның алтауы клиникалық сынақтың озық кезеңінде тұр. Бұл туралы ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус қауіпсіздік форумында айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

"Үміт бар, бірақ клиникалық сынақтың нәтижесін қолымызға алмайынша, бізде вакцина бар деп айта алмаймыз", - дейді Тедрос Адханом Гебрейесус. 

Сонымен қатар, ұйым басшысы вакцинаны әзірлеп қана қоймай, оны бәріне тең бөліп беру, бәріне вакцинаға тең дәрежеде қол жеткізуге мүмкіндік беру қажет екенін айтты. 

"Вакцинаны таратуға қатысты, ол жаһандық нарықтағы тауар екенін ескерген жөн. Бұл саяси шешім, біз де саяси басшылар осындай шешім қабылдағанын қалаймыз. Вакцина саласындағы ұлтшылдық - ол жаман және ол бізге көмектеспейді", - дейді ұйым басшысы.  

ДДҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райанның айтуынша, бүгінде 165-ке жуық вакцина белгілі бір сынақ сатысында тұр.

"Алты вакцина: оның үшеуі Оксфордта әзірленген Қытайдағы AstraZeneca компаниясының вакцинасы, сондай-ақ америкалық Moderna және Pfizer компанияларының вакциналары", - дейді Райан. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети