03 шілде 2021 09:34

Коронавирусқа қарсы вакцинацияның қарсы көрсетілімі аталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Ресейлік дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников вакцинацияға қарсы көрсетілімді атады. Бұл туралы ол Telegram-арнасында жариялады. Дәрігердің айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцинацияға қарсы көрсетілімдер өте аз, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Бір ғана себебін айтамын: анафилактикалық шок", - деді Мясников.

Алайда ол процедурадан бас тартудың салыстырмалы себептері бар екенін, оның маңызы науқасқа байланысты екенін айтты.

"Вакцинацияның әмбебап заңы: екпе салмау салуға қарағанда қауіп тудыратын адамдар вакцина алуы керек", - деді дәрігер.

Мясников, мысалы, қант диабеті, астма және жұмыртқа аллергиясы немесе антибиотик алатын егде жастағы науқас вакцина салдырмаса, коронавирустан өлу қаупі бар екенін айтты.

Сонымен қатар, дәрігер препаратты енгізуге аллергиялық реакцияны жеңу қиын емес екенін атап өтті.

Сондай-ақ, аллергиясы бар жас науқастарға жеке тәсіл қолдану керегін, өйткені вакцинациядан болатын қауіптер "пайдасынан аспауы мүмкін", - деді тележүргізуші.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети