17 сәуір 2020 10:50

Коронавирустан жүз мыңдаған бала қайтыс болуы мүмкін - БҰҰ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттереш коронавирус пандемиясы салдарынан жаһандық құлдыраудан кейін 2020 жылы жүз мыңдаған бала қайтыс болатынын айтты, - деп хабарлайды REUTERS.


БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттереш коронавирус пандемиясы салдарынан жаһандық құлдыраудан кейін 2020 жылы жүз мыңдаған бала қайтыс болатынын айтты, - деп хабарлайды REUTERS.

БҰҰ бас хатшысы баяндамасында коронавирус пандемиясының салдарынан әлемдік дағдарыстан кейін болатын қауіптер туралы айтты. 

"COVID-19 пандемиясы жаһандық құлдырауды бастады. Бұл адамдардың табысына кері әсер етіп жатыр. Жағдайы нашар отбасылар дұрыс тамақтана алмай отыр, ал бұл балалардың денсаулығына кесірін тигізеді", - деді Антониу Гутерреш.

Бас хатшы пандемия салдарынан әлемде барлық мектеп қашықтан оқып жатқанын атап өтті. БҰҰ есебіне сәйкес, әлемде 310 миллион бала үшін мектеп - күнделікті тамақтану көзі.

"Кей елде қызылша мен полиомиелитке қарсы екпе тоқтап қалды. Ауруханаларда орын болмағандықтан, балалар уақтылы емделе алмай қайтыс болып жатыр", - деді Гуттереш.

Бас хатшының айтуынша, үкіметтер қазір осы қауіптерге байланысты қимылға көшу керек, әйтпесе, әлем жүз мыңдаған баладан айырылып қалады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети