28 шілде 2020 09:14

Коронавирусты ауру белгісі жоқ жастар таратып жатыр - ғалымдар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижесіне сай, ауру белгісі жоқ жас адамдар коронавирустың тарауында үлкен рөл ойнауы мүмкін. Бұл туралы Deutsche Welle басылымында шыққан мақалада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижесіне сай, ауру белгісі жоқ жас адамдар коронавирустың тарауында үлкен рөл ойнауы мүмкін. Бұл туралы Deutsche Welle басылымында шыққан мақалада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Америкалық мамандардың айтуынша, коронавирус жұқтырған симптомсыз әйел адам жалпы 71 адамға COVID-19 жұқтырған. Ол вирусты Қытайда өз үйіндегі лифтте тұрып таратқан.   

Ол наурызда АҚШ-тан Қытайға келіп, коронавирусты анықтайтын тест тапсырған, алайда нәтижесі теріс болып шыққан. Бұған қарамастан ол карантин режимін сақтауды жөн көрген, айтуынша, екі аптада тек бір рет лифтпен түскен. 

Жапон ғалымдары жақында зерттеу жүргізген. Соған сәйкес, 3000 жаңа жағдай анықталған. Мамандар коронавирус таратқан 22 адамды анықтаған. Олардың ішінде, әрбір екінші адамның жасы 20-39 аралығында. Ғалымдар бұл жайтқа таңғалған, себебі Жапонияда бұған дейін коронавирусты көбіне 50-70 жас аралығындағылар таратқан. 

Киото университетінің вирусология кафедрасының доценті Юки Фурусе жастарда коронавирус жеңіл түрде өтетіндіктен, олар басқаға таратуы мүмкін екенін білмей қалатынын айтады.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети