08 желтоқсан 2021 09:13

Кремль Путин мен Байденнің жабық келіссөздерінің мазмұнын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Кремль сайтында Ресей президенті Владимир Путин мен америкалық көшбасшы Джо Байденнің онлайн кездесуі туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Кремль сайтында Ресей президенті Владимир Путин мен америкалық көшбасшы Джо Байденнің онлайн кездесуі туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екі сағатқа созылған, "ашық әрі іскерлік" әңгіме барысында тараптар уақытының көп бөлігін Украинадағы дағдарыс мәселесіне арнады.

"Ресей президенті нақты мысалдармен Киевтің Минск келісімдері мен "Норманд форматында" қол жеткізілген келісімдерді толығымен жоюға бағытталған жойқын бағытын көрсетіп, Киевтің Донбассқа қарсы арандатушылық әрекеттеріне қатты алаңдаушылық білдірді.

Джозеф Байден, Ресей әскерлерінің Украина шекарасына жақын жердегі қозғалысының болжамды "қауіпті" сипатына тоқталып, АҚШ пен оның одақтастары жағдай одан әрі ушығып кеткен жағдайда қолдануға дайын санкциялық шаралар туралы айтты.

Бұған жауап ретінде Владимир Путин жауапкершілікті Ресейдің мойнына артпау керектігін, өйткені дәл НАТО Украина территориясын жаулап алуға қауіпті әрекеттер жасап, шекарада өзінің әскери әлеуетін арттырып жатқанын айтты. Сондықтан Ресей НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюін және Ресейге іргелес мемлекеттерде шабуылдаушы қару-жарақ жүйелерін орналастыруды болдырмайтын сенімді, заңды түрде бекітілген кепілдіктерді алуға шындап мүдделі", - деді Кремль.

Онлайн кездесуде Путин мен Байден Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі екі елдің одақтастығын да еске алды.

"Олар сол кездегі құрбандарды ұмытпау керек екенін, ал одақтастық бүгінгі күні байланыс пен ынтымақтастық орнатуға үлгі болуы керек", - делінген Кремль сайтында.

Путин дипломатиялық миссиялардың жұмысына жинақталған барлық шектеулерді жоюды ұсынды, бұл екіжақты қарым-қатынастардың басқа аспектілерін қалыпқа келтіруге де қызмет етуі мүмкін.

Тараптар халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтаудағы ерекше жауапкершілкті ескере отырып, Ресей мен АҚШ қажетті байланыстарды жалғастырады деген пікір білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети