26 шілде 2018 14:06

Куәгерлер Бейжіңдегі АҚШ елшілігінде жарылыс болғанын хабарлады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Куәгерлер АҚШ-тың Бейжіңдегі елшілігінде жарылыс болғаны туралы мәлімдеді. Айтуларынша, полиция оқиға орнына барды, - деп хабарлайды РИА Новости Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.


Куәгерлер АҚШ-тың Бейжіңдегі елшілігінде жарылыс болғаны туралы мәлімдеді. Айтуларынша, полиция оқиға орнына барды, - деп хабарлайды РИА Новости Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік Twitter-дегі суреттерге сілтеме жасай отырып, жарылыстың бейсенбіде АҚШ-тың Бейжіңдегі елшілігінде болғанын хабарлайды. Суреттерде  үлкен түтін бұлттары көрінеді.

Полиция көліктері Пекиннің солтүстік-шығыс бөлігін қоршап алған.

<

 

Reuters агенттігінің хабарлауынша, ҚХР полициясы бензин құйып, өзін өртеуге әрекет жасаған әйелді ұстады.  Куәгерлердің айтуынша, олар жарылыс даусын естіп, жердің дірілін сезген және оқиға орнына 8 полиция көлігі келген екен. 

Сонымен қатар, Global Times басылымы жарылыстың болу болмауы жайлы нақты ақпарат жоқ екенін жазады. Көрші Үндістан мен Оңтүстік Корея елшілігінің қызметкерлері оқиға туралы ақпарат алмағанын айтты. Ал АҚШ елшілігі оқиғаны жедел түсіндіріп бере алмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети