1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Куәгерлер Лондон метросында болған жарылыс жайлы айтып берді15 қыркүйек 2017, 15:50

© Twitter.com © Twitter.com

Желіде Лондонда метросында таңғы уақытта болған жарылыс туралы мәліметтер пайда болды, - деп хабарлайды Vesti.ru.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстан зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар вагонында отырған бірнеше адамды күйік шалған. Тағы бірнеше адам шу шыққан кезде зардап шеккен.

Еске сала кетейік, 15 қыркүйекте таңғы сағат 08.21-де Лондон метросында жарылыс болған еді. Желіде жарияланған суреттерге қарағанда пластикалық шелектің ішінде болған зат жарылып кеткен.

Жолаушылардың сөзіне қарағанда жарылыстың салдарынан адамдардың беті күйіп қалған. Sun басылымының мәліметінше, жарылыс болған соң метрода шу шыққан. Жүздеген адам шығаберіске қарай баса-көктеп, құлап, жарақаттар алған.

РИА Новости Би-Би-Си телерадиокомпанисына сілтеме жасай отырып, жарылыстан үсті толықтай күйік шалған әйелді жедел жәрдем қызметінің алып кеткенін айтады.