27 шілде 2021 09:02

Кубада митингіге қатысқан 500-ге жуық адам жоғалып кетті - БАҚ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Белсенділер Кубадағы митинг кезінде 500-ге жуық адам жоғалып кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Eminetra.


Белсенділер Кубадағы митинг кезінде 500-ге жуық адам жоғалып кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Eminetra.

Мұндай мәліметтерді Вашингтонда орналасқан еркін Куба орталығы келтірді. Сонымен қатар, ұйым наразылық акциясына қатысушылардың көбі оларға адвокат берілмей жатып сотталғанын мәлімдеді.

"Жоғалған адамдар саны одан да көп, себебі адамдарды соттап жатыр. Кубада заң үстемдігі жоқ. Ол сот процестері заңсыз, айыпталушылар туыстарымен де кездесе алмады", - дейді орталық баспасөз хатшысы Джаннисет Риверо.

Ондаған адамды штаттағы полиция қызметкерлері қамауға алған. Cubalex заңгерлер тобының айтуынша, қамауға алынғандар ішінде жасөспірімдер көп.

Ал Куба үкімі наразылық шарасы кезінде жалған ақпарат көп тарағанын мәлімдеді. Куба Сыртқы істер министрлігінің АҚШ-пен байланыс бөлімінің бас директоры Карлос Фернандес де Коссио Кубадағы наразылық білдірушілерге қатысты сот процестері әділ және адвокаттармен өткенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети