15 наурыз 2019 15:31

Қырғыз ауылының тұрғындары Тәжікстанмен қақтығыс аймағынан эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрынан Видео кадрынан

Қырғызстан мен Тәжікстанның вице-премьер-министрлері қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайды реттеу үшін келіссөзді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қырғызстан мен Тәжікстанның вице-премьер-министрлері қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайды реттеу үшін келіссөзді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баткен ауданындағы Ақ-Сай және Көк-Таш ауылдарының тұрғындары автобустар мен жеңіл автокөліктер арқылы Баткен қаласына жеткізілді. Жергілікті тұрғындар № 57 кәсіби лицей мен Айтматов көшесіндегі тұрғын үйлердің біріне орналасты. Олардың қауіпсіздігін полиция қызметкерлері қамтамасыз етіп жатыр.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын қаладағы туыстары үйлеріне шақырған. Жергілікті билік пен құқық қорғау органдары халықпен түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.

БАҚ мәліметі бойынша, қазір 400-ге жуық адам эвакуацияланған. Қырғызстан парламентінің депутаттары Тәжікстанмен шекарадағы қақтығыс аймағына барды.

14 наурызда Қырғызстандағы Баткен ауданы Ақ-Сай ауыл округінің Көк-Таш ауылындағы Головной учаскесінде Қырғыз Республикасының вице-премьер-министрі Жениш Разаков пен Тәжікстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Азим Аброхим арасында келіссөз болды.

РИА Новости ақпараты бойынша, 15 наурызда қақтығыс аймағында екі елдің делегациясы кездесу өткізген.

Сәрсенбіде Қырғызстанның Баткен ауданындағы Ақсай ауылы мен Тәжікстанның Мехнатабад ауылының тұрғындары арасына қақтығыс болған еді. Қақтығысқа Ақсай - Тамдық арасында айналмалы жолдың салынуы себеп болған. Тәжікстандықтар техниканың жолын жауып тастаған.

Жұмысшыларға жәрдемдесу үшін қырғызстандық ауылдың тұрғындары келген. Нәтижесінде Қырғызстан мен Тәжікстанның 200-ге жуық тұрғыны бір-біріне тас лақтырған. Салдарынан бір қырғызстандық жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети