1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Қырғыз Бас прокуратурасының басқарма басшысы 200 мың доллар парамен ұсталды

16 сәуірде Қырғызстанның Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Антикоррупция қызметі өкілдері Бас прокуратура қызметкерін 200 мың доллар пара алып жатқан жерінен ұстады.

Ұсталған адам Бас прокуратураның Мемлекеттік айыптау мен өкілдіктерді қолдау жөніндегі басқарма басшысы болып шықты. Бұл туралы Sputnik хабарлады.  

Кейін МҰҚК баспасөз қызметі ұстау сәті түсірілген видеоны жариялады. "Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.