Қырғыз жігіті алып қашқан қалыңдығын полиция бөлімшесінде өлтірді

29 Мамыр, 12:35
0
© orinfo.ru
© orinfo.ru

Қырғызстанда ұрланған қалыңдықты қырғызстандық полиция бөлімшесінде өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан Республикасы Чу облысының ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2018 жылы 27 мамырда шамамен 22:00-де полицияға қыздың ұрланғаны туралы хабар түскен. Бірнеше уақыт өткеннен кейін Сосновка ауылындағы бекетте Чу облысы милиция қызметкерлері Subaru Outback маркалы көлігін тоқтатқан. Салонда 29 жастағы жүргізуші және 30 жастағы С.А. мен 20 жастағы Т.Б. болған. 

"Осы тұлғалардың барлығын Чу облыстық жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мамандары Жайыл аудандық ішкі істер бөліміне жеткізген. Кезекші бөлімдегі қызметкер құжаттарды толтыра бастаған. Азаматша Т.Б. (қалыңдық) осы кезде азаматтарды қабылдау бөлмесінде болған. Сәлден соң осы бөлмеге күйеу жігіт кіріп іштен құлыптап алған. Бір мезетте жанжал мен шу естіле бастаған. Милиция қызметкерлері есікті бұзып кіріп, қансыраған қызды тапқан", - деді құқық қорғау органдарының өкілі. 

МІІД мәліметінше, ер адам осыдан кейін өзіне пышақ салған. Осыдан кейін жедел жәрдем шақыртылып, оларды ауруханаға жеткізген. 20 жастағы қыз жансақтау бөлімінде қайтыс болды. 29 жастағы жігіт ауруханада жатыр. Екінші жолаушы 30 жастағы С.А. Жайыл аудандық ІІБ тергеу қызметіне тапсырылды. 

"ҚР Қылмыстық кодексінің 97-бабы (Кісі өлтіру) бойынша іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Осы оқиғаға байланысты қызметтік тергеу басталды", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай