11 наурыз 2022 09:10

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында бір тәулікте екі рет атыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы сарбаздар. © Фото: Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметі Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы сарбаздар. © Фото: Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметі

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында бір тәулікте екі рет атыс болды. Бұл туралы Қырғызстан шекара қызметінің баспасөз орталығы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында бір тәулікте екі рет атыс болды. Бұл туралы Қырғызстан шекара қызметінің баспасөз орталығы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"2022 жылдың 11 наурызында таңғы сағат 02.50 шамасында мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында кезекті қақтығыс болды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, екі ел шекарашылары арасындағы алғашқы қақтығыс 10 наурыз күні таңертең болған.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы жергілікті тұрғындар мен екі ел шекарашылары арасындағы қақтығыс аймағына айналады. Бұған мемлекеттер арасындағы шекараның қалай өтетінін анықтау мүмкін емес аймақтардың делимитацияланбауы себеп. Қару қолданумен байланысты соңғы оқиға қаңтар айының соңында болған. Қырғызстандық жолды тәжіктердің жауып тастауынан басталған шекарашылар арасындағы қақтығыс бірнеше сағатқа созылды. Олар екі ел өкілдерінің келіссөзінен кейін ғана бітімге келді. Қақтығыс кезінде екі жақтан 30-дан астам адам жараланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети