04 қараша 2020 11:41

Қырғызстан парламентінің спикері отставкаға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан парламентінің спикері Қанат Исаев отставкаға кетті. Бұл туралы ол бүгін "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясында өткен отырыста мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.


Қырғызстан парламентінің спикері Қанат Исаев отставкаға кетті. Бұл туралы ол бүгін "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясында өткен отырыста мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Ол президент сайлауына қатысады.

"Алтыншы шақырылымның өкілеттігі аяқталуына байланысты мен президенттің міндетін атқарудан бас тартқаным белгілі. Келіспеушіліктер болғанын қаламадым. Бірақ парламент сайлауының мерзімі кейінге шегерілді. Садыр Жапаров президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді. Демек парламент спикері мемлекет басшысының міндетін атқара алады. Бірақ "Қырғызстан" партиясы мені президент постына ұсынды. Сондықтан мен өкілеттіктерді қосамын деген шешім қабылдады", - деді Қанат Исаев.

Еске салайық, 5 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауының (4 қазанда өтті) қорытындысына келіспегендер жаппай наразылық білдірді. Митингіге шыққандар қарулы күш өкілдерімен қақтығысқаннан кейін оппозициялық партиялардың жақтастары парламент ғимаратын (оның ішінде президет әкімшілігі де отырады) басып алды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети